Абай Құнанбайұлы. Жүрегім, ойбай соқпа енді

Oinet.kz 28-08-2019 1435

Картинки по запросу абай өлеңдері

Жүрегім, ойбай соќпа енді!

Бола берме тым күлкі.

Көрмейсің бе, тоќта енді,

Кімге сенсең сол шикі.

“Жетім ќозы— тас бауыр,

Түңілер де отығар”.

Сорлы жүрек мұнша ауыр

Неге ќатты соќтығар?

Сенісерге жан таба алмай,

Сенделеді ит жүрек.

Тірілікте бір ќана алмай,

Бұл не деген тентірек?

Жоќ деп едің керегің,

Топ жиып ең бір бөлек.

Кезек келер демедің,

Ендігі керек ќай керек?

Мұқағали Мақатаев. «Бұзылған үй»
Мұқағали Мақатаев. «Болашақтың елшісімін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу