Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
“Қытай дегенде Лао - цзы мен Конфуций, Ресей дегенде Достоевский мен Толстой, Франция дегенде Вольтер мен Руссо бірден ойға келеді. Сол сияқты шетелдіктердің бәрі бірдей Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек” -деп президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдады. Еліміздің болашағы ретінде - біз жастар Президент үндеуін қолдап, жүзеге асуын қамтамасыз етуіміз парыз. Өйткені, саяси билік мәселесінен бастап, ел экономикасы мен салт-дәстүр Абаймен тығыз байланысты.
Президенттің алғашқы мақаласы Ұлы кемеңгер Абай Құнанбайұлының шығармасы мен сол Абайдың сүйіп өткен халқына арналды. Егеменді ел болып қалыптасуда Абайдың жолымен жүрген абзал. “Әділетті қоғам”, “Толық адам” идеялары ізгілікке жетер мемлекеттің негізін құраушы факторлар. Интелектуалды ұлт қалыптастыру жолында да ұлтымыздың маңдайына біткен кемеңгер бабамыздың өсиеті кәдеге жарары сөзсіз.
Абай Құнанбаев, қазақ әдебиетіне бұрын белгісіз жаңа поэтикалық формаларды енгізді. Қазақ тілін меңгерудің негізгі қағидаларын ұстана отырып, ана тілінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға жаңа жолдар ашты.
Тіпті шығармалары 60 тілге аударылған. Оның аяқталмаған поэмасы мен 45 қара сөзі кез-келген оқырман ашып оқи алатын шығарма емес. Философиялық тағлымы терең, мәнісі зор туындылар.
Абайды дәріптеу қазақ халқының рухани аренада ойып орын алуына тигізер септігі зор екенін Президент атап айтты. Ендігі жаңа бренд - Абай. Халықтың санасындағы шикізатқа тәуелділіктің жойылуы тиіс екенін, жаңа білім үйреніп жаһандану заманында қайта жаңғыруды негізге алды. Абай шығармаларын бірнеше тілге профессионалды тұрғыда аударылуын талап етті. Бұл мемлекеттің билік тарапынан тапсырған шаралар болса, біз жастар не істей аламыз?
Жоғарыда атап айтқандай, ел болашағы - өскелең ұрпақ. Әрбір азамат осы ойға жауапкершілікпен қарай алса, ел ертеңі үшін алаңдауды қажеті болмас. Мәселен, ұлт тарихын толық меңгерген, әдебиетіндегі батырлар мен ұлылардың өсиетін оқыған, бойында адамзатқа деген сүйіспеншілігі мол жас өреннің болашақ үшін қиянат жасамасы анық. Абай атамыз жазғандай: “Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп”.