Ассемблея - Ұлтаралық татулықтың тірегі
Тәуелсіздік жылдары татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі болған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің дамуына зор үлесін қосты, қосып та келеді. Бүгінде басты құндылық – бірлік . Қазақстан халқының негізгі байлығы осы. Қазақ “Төртеу түгел болса, төбедегі келеді” дейді.
Елімізде тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдерінің тілек-ниетінің бір мақсатқа бағытталғаны ауадай қажет. Ал Ассамблеяның көтеретін жүгі де орасан. Бұл туралы Елбасы Н. Назарбаев “Ассамблея әрдайым уақыттан қалмай, қатар адымдап келеді. Тәуелсіздік тарихының барлық тағдырлы кезеңдерінде оның қолдауы шешуші мәнге ие болды. Бірлік пен бірауыздылық, біртұтастық – қоғамның басты құндылықтары. Осының арқасында біз экономиканы көтердік, азаматтардың әл-ауқатын нығайттық”, - деді.
Қазақстан халқы ассамблеясына тоқталсақ, 25 жыл ішінде этносаралық және конфессияаралық теңдіктің тиімді құқықтық базасы құрылды. Оны дін, тілдер еркіндігі туралы, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңдар құрайды. Конституциялық мәртебеге ие халық Ассамблеясы біздің еліміздегі ұлтаралық келісімнің арқаулық институтына айналды. Оның құрамына 820 этно-мәдени орталықтар үшін барлық жағдайлар жасалған.
Ассамблея – бұл барлық азаматтардың мүдделерін бүкілхалықтық ұсынудың инновациялық моделі және жас демократиямыздың табысты құралы. Оның құрылымы мен қызметінің , еліміздің қоғамдық- саяси жүйесінде алатын орны мен рөлінің нормативтік- құқықтық реттелуі заңнамалық негізде қамтамасыз етіледі. Мақсат- халықтың бірлігін нығайту.
Ассамблея – мемлекеттік тілдің дамуына да үлес қосып келеді. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық құжаттар мен іс- қағаздар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізуге, тілді құрметтеуге ықпал жасап келеді. Қазақ тілінің қоғамдық қызметін кеңейтіп, оның маңызын арттыру, жан- жақты дамытуда үлес қосып келеді. Мемлекеттік тілді меңгеру отандастардың Отанымен рухани және материалдық тығыз байланыста болуы, өзі өсіп- өнген аймаққа деген сүйіспеншілігін арттыру – патриотизмнің қайнар көзі болып табылады. Мемлекеттік тілдің мерейін асқақтатуымыз елімізде жүргізіліп жатқан сындарлы саясаттың нәтижесі.
Қорытындылай келе Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың іргерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.