Қазақстан халқы ассамблеясы Мәжілістің тоғыз депутатын сайлап жатыр
Ассамблея кеңесінің отырысында Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру басталды, деп хабарлайды Oinet.kz Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
- Қарастыру нәтижесінде ассамблея таңдайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлерді сайлау бюллетендеріне енгізілген құрамда шығару туралы шешім қабылданды. Құрметті сессияға қатысушылар, дауыс беріп, азаматтық таңдауыңызды жасаңыз, - деді ҚХА төрағасының орынбасара Жансейіт Түймебаев.
ҚХА атынан тоғыз адам Мәжіліске үміткер:
Сауытбек Әбдірахманов - Қазақстан Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты;
Аветик Амирханян - БҚО армян этномәдеми "Масис" қоғамдық бірлестігінің өкілі;
Ілияс Буларов - Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарытөбе ауылдық округінің әкімі;
Наталья Деменьтева - Көкшетау білім басқармасының "Технический лицей" КММ директоры;
Юрий Ли - "Қазақстан ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы;
Вакиль Набиев -күрттердің "Барбанг" қауымдастығының" вице-президенті;
Шамиль Осин - "Шығыс" фермерлік шаруашылығының басшысы;
Владимир Тохтасунов -"ЖетісуОблГаз" ЖШС бас директоры;
Абилфас Хамедов - "Әзербайжандар қауымдастығы" РҚБ төрағасы.