Мұқағали Мақатаев. «Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным»

Oinet.kz 28-08-2019 1089

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным,

Кешкілік бақты ұзақ араладым,

Өбісіп те, өлісіп екеу отыр

Өтіп кеттім, бұрылып қарамадым.

...Есімде бар, жаз ба еді, күзде ме еді,

Көп жыл болды бұл баққа біз келгелі.

Әйтеуір дәл осылай, бейуақта,

Құмар-көңіл әлдене іздеп еді.

Ел аулақта екеуміз отырысып,

Ерітуші ек осылай мұз денені.

Осы мезгіл, осы шақ, осы уақта,

Отырушы ек осылай осы бақта.

Артымызда қап қойған албырт жастық,

Ой, тоба! Әлі күнге шошымапты, ә?

Мұқағали Мақатаев. «Жүрек демін алғанда»
Мұқағали Мақатаев. «Жүр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу