Мұқағали Мақатаев. «Жүрек демін алғанда»

Oinet.kz 28-08-2019 985

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Сандалғаны-ай санамның сан бөлініп,

Тамырымда тулайды қан желігіп.

Бара жатыр көлшіктер көлге айналып,

Бара жатыр төбелер тау көрініп.

Құмды құшқан қу тақыр баққа айналып,

Суық аяз күйдірген оттай қарып,

Әлсіз жүрек әл жиып алатындай,

Аракідік лып етіп, тоқтай қалып.

Тас көшеге табанмен сына қағып,

Қайда асығып барады мына халық?!

Абыр-сабыр ағылған адамдарға,

Айғай салғым келеді тұра қалып.

Көшелер де теңселіп баратқандай,

Машиналар шоршиды шабақтардай.

Бәрі қалқып барады сағым болып,

Барлығын да сағымнан жаратқандай.

Сағыммен сағым боп, еріп барам,

Көңіл сұрар пенде жоқ келіп маған.

Анда-санда көзімді бір ашқанда,

Алатаудың ақ басын көріп қалам..

Мұқағали Мақатаев. «Жұмыстан соң»
Мұқағали Мақатаев. «Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу