Мұқағали Мақатаев. «Интервью»

Oinet.kz 28-08-2019 1085

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

(Шет елдік әріптеске)

Біз мына қоғамменен бірге өсеміз.

Тілдесеміз, үнімен үндесеміз.

Ақиқатты айтуды бізден сұра,

Ақиқатты айтуды білмесеңіз.

Әкелер салып кеткен іздерменен,

Келеміз анық басып біздер деген.

Біздер деген - қоғамның қолқанаты,

Біздер белек жандармыз сіз көрмеген!

Солдатпыз Отан үшін жанын үзген,

Арымызбен, қаламмен, қанымызбен.

Өз дәуірін өзгеге билетпейтін,

Күрескерміз!

He керек тағы бізден!

Біз - солдаты Ленин қоғамының,

Иесіміз Балға мен Орағының.

Біз - Отанның қаруы, дарынымыз,

Ақынымыз Советтер Одағының.

Мұқағали Мақатаев. «Кетер ме екем»
Мұқағали Мақатаев. «Ильич салған ізбенен»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу