Мұқағали Мақатаев. «Кешіріңдер»

Oinet.kz 28-08-2019 1306

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Кешіріңдер, туыстар,

Кешіріңдер, ағайын,

Өр көкірек бейбаққа

Өкпеледің талайың.

Кірсіз көңіл ақ туын

Жоғары ұстап, ағайын.

Ақ киімге оранып,

алдарыңа барайын.

Кешіріңдер, жарандар,

Қошақаның болайын.

Сый сұрағам жасыңнан.

Мейір күткем қартыңнан.

Еркелеп ем сендерге,

Емін-еркін шарқ ұрғам,

Екенмін ғой антұрған.

Сөз өргізіп артымнан,

Арыла алмай келемін

Бала күнгі қалпымнан.

Кешіріңдер, достарым,

Кешіріңдер, қастарым,

Есім кіре бастады,

Еркелікті тастадым.

Мен мен емес, басқамын...

Естеріңе алғайсың,

еркін жүрген қалқаны.


Мұқағали Мақатаев. «Кешіргін, қала!»
Мұқағали Мақатаев. «Кетер ме екем»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу