Мұзды жарып шыққан гүл: Әдебиет саласында Нобель сыйлығын иеленген әйелдер

Oinet.kz 16-10-2020 1957

       Биылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы америкалық ақын Луиза Глюкке «аскетикалық сұлулығымен жеке өмірді әмбебап ететін ерекше танымал ақындық дауысы үшін» берілді. Нобель сыйлығы жоғары ғылыми тәжрибелер,төңкерістік жаңалықтар,мәдениет және қоғамның дамуына қосқан үлкен қызметтері үшін берілетін жоғары сыйлықтардың бірі. Нобельмен ерекше тұлғалар ғана марапатталады. 

image.png

Суретте Луиза Глюк

Сонымен нобель өсиеті бойынша осы сыйлық тек қана бес бағытта берілетін болған. Олар: әдебиет, физика,  химия, физиология және медецина, бейбітшілік. Тек қана бейбітшілік саласына берілетін сыйлық бұдан өзгеше. Бейбітшілік бойынша нобель сыйлығы ресми және қоғамдық ұйымдарға да берілуі мүмкін.  2009 жылы қатарынан бес әйел нобель лауреаты атанды. Біз материалымызда осыған дейін әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын иемденген әйелдер туралы қамтысақ дейміз. Осыған дейін Нобель сыйлығын әдебиет саласында иемденген  114 лауреаттың қатарында  15 әйел болған.

Кешеден бүгінге дейін

Нобель әйелдер.jpg

Бірінші Нобель сыйлығы 1909 жылы швециялық Сельма Лагерлефке шығармаларындағы жоғары идеализм, жарқын қиялжәне рухани тереңдігімен ерекшеленіп  марапатталды. Арадан 17 жыл өткен соң, 1926 жылы  Итальяндық Грация Деледдаға өзінің туған аралының өмірін пластикалық айқындықпен суреттейтін поэтикалық шығармалары үшін, сондай-ақ жалпы адамзат проблемаларына деген терең көзқарасы үшін сыйлық берілді.

Екі жылдан кейін, 1928 жылы норвегиялық Сигрид Унсет әдебиет бойынша лауреат атанды. Нобель комитеті оны скандинавиялық орта ғасырлардың ұмытылмас сипаттамасы үшін марапаттады. Төртінші әйел лауреат американдық Перл Бак болды. Ол 1938 жылы Қытай шаруаларының өмірін жан-жақты және эпикалық суреттегені үшін марапатталды.

Оның есімін бүкіл Латын Америкасы идеалистік ұмтылыстың символына айналдырған - 1945 жылы сыйлықтың лауреаты чилилік Габриэла Мистралды шынайы сезім поэзиясы үшін қазылар алқасы осылай сипаттады.

Шведтік Нелли Закс 1966 жылы «Нобель» сыйлығын иеленді. Ол марапатты Израиль жазушысы Шмуэль Агнонмен бөлісті. Закстың еврей халқының тағдырын зерттейтін көрнекті лирикалық және драмалық шығармалары үшін Нобель берілді.

Осыдан кейінгі екі онжылдықта әдебиет бойынша "Нобель" тек ер адамдарға беріледі. Тек 1991 жылы Оңтүстік африкалық Надин Гордимер бұл тізбекті өзгеше реңке бояды. «Өзінің керемет эпосымен адамзатқа үлкен пайда әкелгені үшін», - деп қазылар алқасы жеңімпаздың есімін мәлімдеген .

Екі жылдан кейін (1993 жылы) марапатты афроамерикалық жазушы Тони Моррисон алады. Моррисонды «Өзінің толыққанды арманымен шығармашылығында америкалық шындықтың маңызды аспектісін жандандырды» деп  Нобель комитеті мәлімдеді.

Әдебиет саласында 1996 жылы Польшалық ақын Шимборская Вислава сыйлыққа ие болды. Ол тарихи және биологиялық құбылыстарды адам болмысы тұрғысынан нақты дәлдікпен сипаттағаны үшін марапатталған.

XXI  ғасырдың (2004 жылы) әйелдер арасындағы алғашқы Нобель сыйлығын австриялық Эльфрид Елинек иеленді. Нобель комитеті «ерекше лингвистикалық құлшыныспен әлеуметтік клишелердің абсурдтығын және олардың құл күшін ашатын романдар мен пьесалардағы дауыстар мен жаңғырықтардың музыкалық толыққандылығы  үшін»  сыйлық табыстады.

Үш жылдан кейін 2007 жылы әйелдер прозасы үшін британдық Дорис Лессинг Нобель сыйлығына ие болды. Германиялық Герт Мюллер 2009 жылы аз қамтылған адамдардың өмірін сипаттайтын поэзия мен проза үшін марапатталды.  Канадалық  Элис Манро 2013 жылы заманауи қысқа сюжеттің шебері ретінде танылды. 2015 жылы беделді сыйлық беларусь жазушысы Светлана Алексиевичпен. Нобель комитеті оның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әйелдер туралы кітаптарын және кеңес трагедияларына жеке адамдардың көзімен қарағаны үшін берді. 

P.S.  Артықша бағалау яки әсірелеудің элементін қолданғымыз келмеді. Қалай бар, солай жеткізуге тырыстық. Санының аздығына қарап әдебиет саласындағы Нобель иеленген әйелдерді «Мұзды жарып шыққан гүлге» теңедік.

Суреттер ашық дереккөздердан алынды

Төрт жыл бойы вагонда тұрған отбасы үйлі болды (фото)
Сезім Мергенбай: «Қоғамда құндылық болған емес!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу