Асылзат Арыстанбек. Сізді ойламай ұйықтау мүмкін бе осы?
Сізді ойламай ұйықтау мүмкін бе осы?
Сізді ойламай ояну мүмкін бе осы?
Ертегіге айналып кетейікші ə,
Бір бақытты түніме мың түн қосып.
Сізді ойламау... мен үшін күнə сынды,
Көз ілместен үйрендім түн асуды.
Мың маржанның ішінен мөлтілдеген,
Тани алмай жүрсіз-ау шын асылды.
Сізді ойлаудың тартамын тəтті азабын,
Менен басқа өмірдің жоқ мазағы.
Ай нұрына шомылам түніменен,
Таңертең - тап-тазамын!