Ақтамберді жырау: Уа, қарт Бөгембай!
Құяр жалын аспаннан
Қара бұлт торласа,
Пәлекет елде көбейер
Жігітті жігіт қорласа.
Ақбөкен келіп жығылар,
Алдын қазып орласа,
Пеңденің бағы ашылмас,
Маңдайы қалың сорласа
Дұшпан қорлап не қылмақ
Бақыт басқа орнаса
Қанаптан қылыш суырмай
Қарысқан жау бүлк етпес
Жуылмай қастың қанымен
Намысқа тиген кір кетпес
Шабыссаң,қане,шығып көр
Жау емессің күш жетпес
Дарабоздай қолбасы (Қабанбай )
Абыройын кірлітпес!
Ұрын келген күйеу қайда
Жесір қайда тіл отпес ?
Жендетті көрсет көзіме
Желіккен басты кім кеспес!
Еліңді жөндей түткізіп
Қанды көбік жұтқызып
Жайратамыз осы кеш! ...