Болат Назарбаевтың басынан бақ ұшты
19-04-2023
Өңгебай бидің баласы Әлмәмбет сол кездері мұсылманша да,орысша да оқыған білімді, сауатты кісі болады. Ол Қазалы уезінің бастығының орынбасары һәм тілмәшы боп қызмет етеді. Әлипаның дауы кезінде Базарға көмектескендердің бірі осы Әлмәмбет еді. Сонымен екі жақ келіседі. Қыз әкесі Жайым тентек бұрынғы құдалығымнан ұят болды деп, Әлипаның қалыңына жиырма түйе, жүз сом күмістен ақша сұрайды. Ондай дәулет Базарда қайдан болсын? Ол ылажы жоқтықтан Шөмекейдің Аспан аталығына жататын Сырым руындағы Өңгебайдың баласы Әлмәмбетке ( оның әйелі татар болған, оның Хасан деген баласынан бір кездері Қазақстан Сауда министрінің орынбасары болған Аида Хасанқызы Өңгебаева тарайды) кеп, қонақасысын жеп отырып,жағдайын серлетіп мынадай өлең айтады.
Әлмәмбет, бұл сөзді арнап айттым сізге,
ауазаң болды толық Кіші жүзге.
Қалаға келгеніме апта болды,
рұхсат, қайтар едік болса бізге.
Кетуде қош айтысып рұқсат алмай,
Қолайсыз көрдік бе, бес кеулімізге.
Жігіттің бөрі көрсе, болар жолы,
деген бар жолаушылап шыққан түзге.
Мысалы, ойлағанға дүние— түлкі,
бізде бір бейне тазы түскен ізге .
Інімсің қатарыңнан туған асып,
үстіңнен өте алмайды ешкім басып.
Тарқатып өз қолыңмен талай топты,
күлеңдеп көрген жоқсың жаннан асып.
Жақсының жүзін көрген жарым ырыс,
тірлікте жай білісіп, дидарласып .
Жанды өліп, жансыз тозар деген сөз бар.
өлімнен құтылмаған Қорқыт қашып.
Күн жақсы қауышқанша, қош бол, інім,
көрерміз болса тағы тұз- дәм, нәсіп.
Халқыңа жасыңнан ақ болып аға,
қақтырған назбедеуге жезден таға.
Бір туған Аспан, Бозғыл егіз едік,
секілді біреуі--жең, бірі--жаға.
Деген бар аитсаң білер, ашсаң көрер,
аршылмай арнадан су, ақпас саға.
Адамзат тіршілікте таппас тыным,
өлгенше ойлап қамын бала шаға.
Жанассаң жақсылармен жан сүйсінер,
асылдың жұрнағындай қымбат баға.
Жан болсақ, жалғаншының мейманымыз ,
абзал дейд нәпсіңді әр кез тиғанымыз.
Әмірін ақтың бажай айласа әркім,
Табад дейд күнде кәмбіл, иманыңыз.
Жар--досты жақын жуық жабырқатпай,
құрмалап көлеңкеңе жинадыңыз.
Ғаріп бен қасерлерге қамқор болып,
жетімді, жесір менен сыйладыңыз.
Ары үшін ағайынның әрбір жерде,
жасқанбай жанды талай қинадыңыз.
Әкеіңз Өңгебай мен шешең Мақта,
олар да қойған жандар кеулін аққа,
Беделің екі жұртқа бірдей болды,
бейне бір халифадай мінген таққа.
Алланың артық берген ықпалында,
кеткен жоқ абыройың ешбір жаққа.
Жәй жерден жарып шыққан бәйтеректей,
туымың болды лайқат дәулет, баққа.
Атадан азып туған бәз біреулер,
зорға жүр елтіп күнін өлмей шаққа.
Әлемге әлін білмей таң болады,
орынсыз ой толқытып әр тарапқа.
Самұрық Сүлейменнен бір ұялып,
қамалған деп айтады көһи қапқа.
Тыңдалмас айтушының сөзі оңбаса,
түзелмес қисық ағаш тез болмаса.
Қандырмас халық мейірін суы, аз құдық.
Ағатын тұс тұсынан көзі оңбаса.
Кей жаман атасына асылады,
Неғылсын ата байғұс өзі оңбаса.
Сейітқұлдар өскен ауыл, сегіз жүйе,
деген бар әруақты ерде болар кие.
Сол елдің бір қызына ұрынып ем,
қалыңы жүз сом менен жиырма түйе.
Тәуекел кемесіне мініп тұрмын,
жеткер деп қазинеңе жаббар ие.
Алқасы ағайынның керек боп тұр,
дегендей ер қысылса иек сүйе.
Ғаламға тақ Сүлеймен сұлтан болған,
оның да дәрежесі тайған қолдан.
Тұрақсыз көрген дәуір, көшкен бұлттай,
ешкімге жолдас емес дүние жалған.
Бейнетпен өтті өмірі талайлардың,
итшілеп рахат көрмей жиған малдан.
Сасқанда ерді иектен сүйейтұғын,
жанашыр жар дос қымбат шын қадырдан.
Ат салып екі талай егес жерде,
ар үшін аямаушы ең мал түгел жан.
Бір жөһйттің мың теңгелік қарызы үшін,
Ғалыны базар сатқан баба Раушан.
Біраз күн біз келгелі өтті деймін,
базарға бүгін қонсам бес түнеймін.
Жайлы орын, сыилы тамақ,сыпайы сөз,
ықылас пен өткен құрмет жетті деймін.
Әр уақта абыройдан айырмасын,
жалбарып жаратқаннан көп тілеймін.
Жақсыға жай білдіріп, жағдай айтып.
білместен етіп дәме, ексімеймін.
Қолда пұл,қорада мал кемдігінен,
ерлерге өздеріңдей иек сүйеймін.
Әлмәмбет Базарды қызыл кірпіштен салынған, он шақты бөлмелі үйіне төрт-бес күн қондырып, жырлатқан соң, соңғы күні оның астына ат мінгізіп, үстіне шапан жабады да; " Жеңгемнің көрімдігі" - деп 100 сом күмістей ақшаны сол арада санап береді.
Қалған жиырма түйені Базарға Дөйіт ұранды Шөмекейлер жинап береді. Сүйтіп Базар Әлипаны алады.
Одан Пірлібек, Нұрлыбек, Нақыпбек,Әмзебек деген төрт ұл, Күнзада, Балзада деген екі қыз сүйеді. Нұрлыбектен- Құрақбай, Нақыпбектен Тұрмағамбет деген немерелері болады. Олар қазірде Өзбекстанның Тамды, Канимех аудандарында тұрады. R.T.
1885 жыл.
Бегділда Алдамжаров Назбедеу кітабы. 2013 жыл.