Исраил Сапарбай: Жаныма азық болдың аз ғана күн

Oinet.kz 23-08-2020 699

Жалмауыз! Исраил Сапарбайдың желіде қызу талқыға түскен атышулы өлеңі кімге  арналған? - Караван - жаңалықтар, оқиға, Қазақстан және әлемдегі сараптама  | Караван

Жаныма азық болдың аз ғана күн...

Жанбадым,

Жалынбадым,

Маздамадым.

Сезіндім..,

Секем алған жоқпын бірақ:

Сенің де бар екенін өз қамалың,

Менің де бар екенін өз ғаламым...


Қамалды қаусата алар халім жоғын

Өзіме өзім ғана мәлімдедім.

Күз бағы күреңітіп көз алдымда,

Сыздады кеуде ішінде жаным менің.


Жанарға, жан сыздаса, мұң ұялар,

Мұңлы жан қалай жалған жымия алар?

…Кеудемде мың, миллион жылдан бері

Қат-қабат қатып қалған мумия бар!..


Ал, ғалам…

Менің ғазиз Ғаламшарым

Іздеуден жаңылған жоқ жан аңсарын:

Жадынан өшірген жоқ Кәлам шамын,

Қолынан түсірген жоқ Қаламсабын.


…Жаныма азық болдың аз ғана күн:

Жанбадым,

Жалынбадым,

Маздамадым.

Сезіндім..,

Секем алған жоқпын бірақ:

Сенің де бар екенін өз қамалың,

Менің де бар екенін өз ғаламым.


Тасмаңдай таланына мұң ұялап,

Тағы да қамығып тұр Дүрия бақ.

Түбіне жүрегімнің әлі қанша

Ханшаны қояр екем мумиялап?..

Исраил Сапарбай: Жалғыздық
Исраил Сапарбай: Тылсым түн
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу