Ырысбек Дәбей. Зауал

Oinet.kz 19-07-2020 745

image.png

Қып-қызыл аспанның жиегі сөгіліп

қара жер төсіне төгіліп шашырар,

Шаң борап самиян далада

меңіреу ажалдың есігі мөңіреп ашылар.

Ананың бүлк еткен құрсағын

құрсаулап шөккенде нән тұман

бурадай бұлқынып,

Үрейге малтығып түс көрем түнімен

тұлымы тұлданған құбыжық ұл туып...

Шілдеде шық тұрған жалбызды жағалау

у тұнған тамшысын қалтырап ұсынар,

Бабадан тәбәрік күмістен пиала

қарғыстан қақырап,

быт-шыт боп шытынар...

Е-е-е... таңғы газеттер сөйлейді:

«Халыққа төнетін ешқандай,

ешқандай қауіп жоқ...»,

Ұмытқан ұятын ауызда әмір жоқ...

Ырысбек Дәбей. Сегізінші март. Алматы. Түн
Бек Жылқыбаев: Өмір -кино, тым қысқа
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу