Жанна Елеусіз. Құс көрмеймін қаланың аспанынан

Oinet.kz 18-08-2020 760

image.png

Құс көрмеймін қаланың аспанынан…

қайда кеткен қанатты туыстарым?..

жылу іздеп жапанның тастарынан,

паналай ма үй асты қуыстарын…

бүлкілдетер секемшіл бүйректі не…

бұлбұл тұтқын билікке, бұлғын – дәрі…

уысынан жем беріп үйретті ме,

сәулетті үйдің дәулетті тұрғындары…

қарлығашым, қанаттас кептерлерім,

қайда жүрсің еркіңмен ұшып-қонбай?..

саңғып кеткен қыран құс бөктерлерін,

жалап-жұқтап, жағып жүр пысық торғай…

құс көрмеймін қаланың аспанынан…

Жанна Елеусіз. Пенделерге бере көрші кешірім
Жанна Елеусіз. Қара суық желге бердім сыртымды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу