Мирас Асан. Неге жолықтық?
Неге жолықтық,
Неге торықтық?
Неге шаттандық,
Неге қорықтық?
Неге сағындық,
Неге таңылдық?
Неге дөп бастық,
Неге жаңылдық?
Сүйдік неліктен –
Күйдік, көрікті ең...
Мұз ба еріген?
Муза еліткен...
Қалай шыдаймын?
Қалай, шырайлым?
Кімге айтамын,
Кімнен сұраймын?
Сезім – мәңгілік,
Сөзім – жаңғырық.
Кеттім бірге алып,
Кеттің қалдырып...
Қош бол, қимаймын...
Дос бол, қинайды үн...
Ұмыт деймін де,
Үміт сыйлаймын...
Мирас Асан,
Қарағанды