Алғашқы махаббат туралы өлең
Махаббат деп көңілде жыр жатталған,
Мөлдірейді жанары сыр сақталған.
Бұл өмірде ............... деген есім,
Дүниенің асылынан қымбат маған.
Сұлулығын сөзбен айтып жеткізе алман,
Онсыз мен бір күнімді өткізе алман.
Сүйіктім есіміңді күн нұрымен,
Жазамын бұл дүниеде аман болсам.
Жеткізер сезімімді қаламым ғой,
Қаламсыз қалайша мен саламын ой.
Сүйіктім, сезесің бе бұл өмірде,
Мен сені бақытыма баладым ғой!