Сүйгеніме. Өлең

Oinet.kz 01-01-2020 992

Сұлусың елден ерек жаратылған,

Мен үшін өзгелерден дара туған.

Балаймын мен өзіңді қарлығашқа,

Шөлдесем су себетін қанатынан.


Көркің қандай әдемі жан жылытар,

Сөзің неткен сиқырлы бой балқытар.

Мөлдіреп қара көзің таңғы шықтай,

Жігіттің көңілінен ой толқытар.


Қиылып қара қасың туған айдай,

Керілген кер маралдай, ақша маңдай.

Сән беріп қыпша белің өн бойыңа,

Өрілген қолың шашың мың бұралды-ай!


Секілді еркелігің қызғалдақ-гүл,

Дауысың елестетер құсты бұлбұл.

Жүректі жарып шыққан шын сезіммен,

Сүйіктім, қабл алшы, жырымды бұл.

Адал сезім туралы өлең
Алғашқы махаббат туралы өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу