Нағашыларға арналған өлең

Oinet.kz 01-01-2020 2591

Болған соң көңіл іште, өмірің сырт,

Қарама ештемеге селқос үстірт.

Ер жігіттің үш жұртыболады екен,

Соның бірі сүйікті нағашы жұрт.


Су болмаса, белгілі, сел болмайды, 

Күллі жаман жиылып ел болмайды.

Ер жігіт - нағашысын сыйлап өткен,

Ешқашан ешбір жаннан кем болмайды.


Тағдырдан бірлік пенен бақыт сұрап,

Сөз бен сөзді ұйқастырып өлең құрап.

Тұрысым мына менің осы болса,

Нағашым менен қайда артығырақ.

Әжелер туралы өлең
Тұсау кесер дәстүрі. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу