Қазыбек би туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 5588

Қазыбек би қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз , арғын руынан шыққан. Ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Туған атасы Келдібек - халыққа танымал би болған деседі.

Znalezione obrazy dla zapytania қазыбек би

Қаз дауысты Қазыбек бидің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Алайда, ауыздан-ауызға тараған әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетілдіріп, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрін дамыта түскен. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. 

Қазыбек би 1667-1764 жылдары Сырдария жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген. Қазақ деректері бойынша, Қазыбек Арғынның Қаракесек руынан шыққан. Сол Қаракесектің бір атасынан Бұлбұл, одан Шаншар туады. Бұларда оқыған, тоқығаны көп, ақылгөй абыз, шешен би көп өткен. Сондықтан болар , Қазыбек те сол бауырлары , туыстары секілді болғаны.

Ел Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен кезінде Қазыбек би өзге де билермен бірге Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың арасын жақсартуға күш салды, оларды өзара ынтымақтастыққа шақырды.

Төле би туралы шығарма
Әйтеке би туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу