Жол жүру ережесі туралы шығарма
Жолда жүру ережесімен балалармектепке не балабақшаға алғаш келген сәтінен таныстырылады. Себебі жолда жүру ережесін сақтау өте маңызды. Балалар жолдан өткенде әсіресе абай болуы қажет. Бағдаршам тілін үйрету де қажет. Ал жол бойындағы тақтайшалардағы түрлі белгілер ол жаяу жүргіншілерге арналмаған, олар көлік жүргізушісіне арналған тақтайшалар. Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.
Жол жүру ережелері балаларға мектеп жасынан түсіндірілгені дұрыс. Мәселен, бағдаршамның қызыл түсін жанған сәтінде жолды кесіп өтуге болмайды. Бағдаршамның сары түсінде жолдан өтуге дайындалып, жасыл түсі жанғанда өтуге болады. Бұл бізге ең алғаш түсіндірілетін жол ережелері болып табылады.
Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолы жолда ақ жолақшалармен белгіленеді. Егер де оның тұсында таяқша тұрса, сонда көрсетілген белгі бойынша жүріп отыруы керек еді. Жол белгілері негізінен мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.