Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Қыз деген елдің көркі. Қыз әрбір үйдің айнасы саналады. Қазақ қызы ертеден табиғаты сұлу болған, олар бастапқыда сарышын келіп, көздері ашық көк түсті болса, кейіннен елден ғұн, маңғолдардың өтуімен өзгеріп отырған. Қазақ қызының болмысы қандай болады?
Қазақ қызы инабатты, ибалы, қарапайым, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсеткен, ақылды, пысық болуы керек. Иә, расында да қазақтарда қыздарға көп сыни қараған. Себебі қыз абыройы отбасындағы басты құндылықтардың бірі есептелді. Қызға тіпті атам қазақ қырық үйден тыйым қойған екен. Қызды ерте жастан атастырған, не оны айттырып келетіндер көп болған екен.
Қыз қылықты болуы тиіс. Қыздың образы үнемі кіршіксіз таза, нәзік гүлге теңелінген. Сондықтан ол жағдайына, тұрмысына қарамай өзін-өзі күтінуі тиіс. Көп кітап оқуығаны абзал. Себебі ол болашақ ана, келін. Қазақта қыз өссе елдің көркі деп бос айтпаса керекті. Өсіп келе жатқан қызға сол үйдің атасы, әкесі, ағасы жауапты болады екен. Ол ешкімнің ала жібін аттамай, өзінің қонақ болып жүрген үйінен аман есен кетуді мақсат құрған. Ата-анасының да міндеті оны құтты орнына қондырғанша бағып-қағу.
Қыздарды сондай-ақ ертеден ата-бабамыз қатты құрметтемеген, оларға ауыр тірлік атқартпаған, молаға апармаған, қара жұмыс істетпеген. Себебі қыз нәзіктік пен мейірімділіктің символы.