Алаш ардақтылары туралы шығарма
Алаш — ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде саналады. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді, яғни бұрындары "алаш, алаш "-деп жауға шапқан. ХX ғасырда қазақтың тарихында орын алған не десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы Алаш партиясының арқасында десекте қателеспейміз. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907-1930 жылдарды ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыттай саналды.
Алаштың батырлары – Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы және тағы басқалары. Алаш зиялыларының батырлары болып есептелетін осындай тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді.
Алаш арыстарының орны ерекше болды. Себебі , олар Қазақ елінің даму жолдарын, салт-дәстүрін күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескеріп , солармен тең дәрежеде болуымызды көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз жеріне ие болуын мақсат етті. Сол жолда қызмет етті .Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да – солар болды.
Алаш зиялылары – елге және Отанға адал қызмет еткен. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы.Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қоғамындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған демократиялық қозғалыс болатын.
Алаш қозғалысына қатысқан 17-25 жас аралығындағы жастардың ішінен кейін көптеген мемлекет, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар шыққаны белгілі. Олардың әбқайсысының біз үшін орны ерекше болғаны анық.