Ұлы дала елі. Шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 11013

Қазақ елі - кең байтақ, бай өлке. Бай дейтініміз асыра сілтенген теңеу емес, еліміз жерге, пайдалы қазба мен түрлі ресурс, элементтерге бай. Сонау Керей мен Жәнібек негізін салып, жұрт қылған қазақ бүгінде Тәуелсіз Қазақстан Республикасыныда бір тудың астына 130-дан астам этносты біріктіріп отырған жайы бар. 

Znalezione obrazy dla zapytania қазақ даласы

Біз ұлы даланың балаларымыз. Бұл жерлер бізге оңай келмеген. Жазық жайлаулар мен биік таулардың арқасында қаншамай маңдай тер, қанша ата-бабамыздың шайқаста төгілген қаны бар. Қазақ елі өзім үшін деп емес, ұрпағым үшін, балаларым үшін деп жанын қиған батырлардың мекені. Біздің даланы ұлыға теңейтіндері де содан болар. Алыспай беріспеген өршірек ата-апаларымызды бүгінге дейін жырлап келе жатқан біз ұрпағы оларға мәңгілік қарыздармыз.

Жүздеген жыл тар жол, тайғақ кешуден кейін тәуелсіз, мамыражай елге айналған қазақтың ұлы даласы бүгін одан сайын құлпыра, гүлдене түскен. қазақ елі түркі елдерінің қара шаңырағы саналады. Иә, бұл елден түріктер де, өзбек, қырғыздар да кеткен. Шаңырақты күзетіп қара домалақ кенжесі қазақ қалған. Ол тәуелсіздігін де ең соңынан алды.

Олай болса осы кең байтақ дала біздерге аманатталып қалған екен, оны көркейтіп, игеріп, дамытып, жау қолына бермей, ертеңгі ұрпаққа аманаттау біздің алдымызда тұрған мақсат.

Шығарма. Қазан төңкерісі
Алаш ардақтылары туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу