Шығарма. Қазан төңкерісі

Oinet.kz 01-01-2020 2166

Қазан төңкерісі — 1917 жылы орын алған, Петроградта болған ірі саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс Лениннің өзі басқарған  партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.

Оған Петроград жұмысшылары мен қала  солдаттары қатынасты. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты.

image.png

Қазан төңкерісі кеңестік тарихта және Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізді.  Сол кездері жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп шешілді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтарды күйзеліске түсірді.

Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін , ең алдымен ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелері сипат алып, талқылана бастады.

Шығарма. Ұлт азаттық көтеріліс
Ұлы дала елі. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу