Апа туралы (әпке) шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 2225

Бүгін мұғалім әпке туралы шығарма жазуға тапсырыс берген болатын. Алайда біздің батыста әпке деп айтылмағандықтан, мен тақырыбымды апа деп өзгерткен болатынмын. 

Znalezione obrazy dla zapytania сестра

Негізі менің туғн апам жоқ. Алайда туыс апаларым да туғанымдай болып кетті. Олар әркез үйге келген сайын өте қатты қуанамын. Себебі олар маған қарағанда әлдеқайда ақыл тоқтатқан әрі маған көп көмектерін тигізеді. Үй тапсырмама қарасып, менімен ойын ойнады. Олар келген кезде үйде адам саны көбейіп,  бәріміз арқа-жарқа боламыз. Оның үстіне олар анама ас әзірлеуге жәрдем береді.

Мен үнемі апам болғанын қалаушы едім. Себебі, жанымдағы достарымның бәрінде де үлкен апалары болатын. Олар өздерінің апалары жайында күн де айтып келетін. Дегенмен мен қазір үйреісіп кеттім. Жақындарымның барына шүкір айтамын. Бәрін қатты жақсы көремін.

Апалардың бауырларының өмірінде маңызы аса зор. Себебі үлкендер үнемі біздерге жол көрсетіп, қиналғандай қасымыздан табылып, қолдау көрсетіп жүреді. Мен туыс апаларымды қатты құрметтеймін. Оларды өз туғанымдай жақсы көремін десем болады.

Фариза Оңғарсынова туралы шығарма
Шығарма. Менің інім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу