Әпке туралы шығарма
Әпке деген кім? Әпке біздің бауырымыз, жанашырымыз, қамқоршымыз. Қазақтар әпке сөзін әр түрлі айтады: әпке, апа, әпше секілді әр өңірдің өзіне сай диалектісі бар. Әпке-аға екуі үнемі бізге үлгі жандар. Әпкеміздің мойнындағы жауапкершілік үлкен болады. Ол анамызға үй тірлігіне көмектесетін, бізге қарағанда ақылды, дана азаматша. Сондықтан да оның үнемі тілін алу қажет. Оған қол ұшын созып, көмегімізді аямауға тиіспіз.
Әпкелеріміздің өміріміздегі рөлі ерекше. Олардың бойында бізге тән емес ерекше кіші бауырларына деген жанашырлық сезім болады.
Менің үлкен әпкем ерекше қыз. Ол расымен де сыртқы келбеті басқаларға ұқсамайды. Өзі сары, шаштары бұйра келген, көздері ашық қоңыр, кейде қызғылт қоңыр, бетінде аздап ақшыл секпілдері бар. Нақ мульфильм кейіпкерлеріндей. Ол журналист болғысы келеді. Ол үнемі маған қолғабыс болып жүреді, мен кез келген сырыммен онымен бөлісе аламын. Себебі ол көзі ашық, көкірегі ояу адам. Ол өте жауапкершілікті адам. Анам не әкем оған бір істі сеніп тапсырса, ол мүлде кейінге қалдырмай жұмысын сол сәтте-ақ еңсеріп тастайды. Ол өте гиперактивті адам. Үнемі жаңа заттарға үйренгісі келіп, жаңа кітаптар оқығысы келіп, үнемі қызығушылық үстінде жүреді.
Қылықтарының бәрі де өзіне жарасымды. Әпкемнің тек бақытты болғанын қалаймын. Мен де сол кісідей көреген болып өскім келеді. Үнемі бізге, балаларына ақылын айтып, құлпырып жүре берсе екен.