Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Менің отбасымда 7 адам бар. Ата-анам және бауырларым. Ағам мен екі інім және бір сіңілім. Ағам үйдің тұңғышы болғандықтан бар жауапкершілік соған түседі. Ол біздің сабағымызды жасасуға көмек береді. Үнемі бізге қамқор, тіпті кішкентайымда жетелеп мектепке алып келетін.
Менің ағамның мінезі өте жұмсақ. Кейде оның мейірімділігі мен ақылдылығына таң қаламын. Бізден үлкен болғандықтан ба екен, әлде шынымен де солай ма екен, әйтеуір маған бір дана адамдай көрініп тұрады. Ол өзін кейде жайдары, ал кейде тым салмақты ұстайды. Бізге ақыл кеңесін айтып, ата-анамызды құрметтеу керектігін айтып жүреді.
Ағам өте сымбатты жігіт. Бойы ұзын, өзі ақшыл келген. Сабағын 5-ке оқиды. Мен оны үнемі өзіме үлгі тұтамын. Әрине, әркез тату емеспіз, бірақ та сөзге келісіп қалған күндердің өзінде ол мені кішкентай көріп, басу айтады.
Өзімнің осындай бауырым барына қатты қуанамын, оны қатты жақсы көремін.