Қазақстанның мемлекеттік тілі
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан соңғы ресми бекіткен мемлекеттік тілі - қазақ тілі болып табылады. Қазақ тілі халқымыздың орны бөлек ұлттық құндылығы болып табылады.
Тілдің қадірін бізден артық түсінетін ешкім жоқ шығар сірі. Қаншама жыл қазақ тілі өз тіліміз ретінде сыйланбай, көмкеріліп, бүркеліп жүрді. Тіпті қазақша кітап оқу мұң болған күндер болған-ды. Атақты жазушылар, ақындар өз тілінде шығарма басып шығара алмаған. Ал қазақша ойлап, елдің патриоттық сезімін, тілге деген сүйіспеншілігін арттырғысы келген даналар қамауға алынып, күніміз мүшкіл болған деседі.
Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай мемлекеттік тіл болып - Қазақ тілі белгіленді. Сол кезден бері Конституциясының 7 бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақтың өз ана тіліне деген құрметі ерекше.
Тіл мәселесі бүгін және ертең ғана емес, мәңгі шырқалатын жыр болар. Ресейдің ықпалымен орысшаланған қазақты өз тіліне жетелеу үшін жылдар да аздық етеді.
Мемлекеттік деген не? Ол мемлекеттің бүкіл аумағында қолданысқа ресми түрде енгізілген және де м емлекет аумағындағы ьүкіл ісқағаздар мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Қазақ тілі бай тіл. Сөздері күрделі, айтар ойы ауқымды тіл. Тілімізге деген сүйіспеншілік ешқашан сөнбесе екен!