Ана тілі туралы шығарма. Ана тілім - ардағым
Ана тілім - ардақтым!
Менің ана тілім - қазақ тілі. Мен өз тіліммен мақтанамын. Өзімнің осындай тәуелсіз, бейбіт елде туғаныма, өз тілімнің, дінімнің болғанына өте қуаныштымын.
Ана тілі деп неге айтылатынын білесіздер ме? Себебі тіл анамыздан беріледі. Оның тілі біздің тіл. Кез келген адамның өз ана тілі болады. Оның тіліне деген құрметі аса ерекше екен. Балбырап е алғаш тіліміз шыққаннан өз ана тілімізді меңгереміз. Оны бір жыл тауысып біту мүмкін емес. Себебі тіл өте күрделі құрылыс. Әр тілдің өзіне тән ырғағы, үйлесімі болады екен. Мен барлық тілді өзінше құрметтеймін. "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген қазақта жақсы бір сөз бар емес пе? Қалай дәл айтылған.
Ана тіліңді ешқашан ұмытпайды екенсің. Тіпті қаншама жыл өз еліңнен жырақта жүрсең де, сенің тіліңде сөйлейтін бірін кездестірсең ыстық көрініп тұрады. Сондай-ақ мынадай бір қызықты дерек бар. Егер адам амнезиямен шалдығып, барлық көрген-білгенін есінен шығарса да, өз ана тілін еш уақытта ұмытпайды екен. Оның себебі неде десеңіз, адамның ана тілі мидағы бөлек бір оқшауланған қалтада орналасады екен. Қандай ауру келсе де, ол қалташаға дәнеңе де болмайды.