Жылқы туралы шығарма. Жылқы текті жануар

Oinet.kz 24-12-2019 31576

Ат - ер қанаты. Жылқы ең пайдалы жануар. Ол мінсең көлік, ішсең қымыз. Қазақтар байырдан жылқыға ерекше ықылас танытқан. Жылқының бірнеше атауы бар; сәйгүлік; ат; жылқы; жорға; тұлпар. Жайлауда өскен, далада өскен ата-бабамыз жылқыны досындай көрген. Жылқымен бірнеше дәстүрлі ойын түрлерін ұйымдастырған; қыз қуу; көкпар секілді.

Znalezione obrazy dla zapytania жылқы

Жылқы басқа малдардың ішінде ерекше мал. Олар бір-бірімен кісінеу арқылы түсініседі. Сондықтан да олар өте ақылды саналған. Аттар тұрып-тұрып ұйықтайды екен. Олар көбіне қиындыққа төзімді келеді. Жылқыларды үйір деген болады. Әр үйірді бір айғыр басқарады. Бір үйірде екі айыр болса, төбелеседі. 

Бұрында көшпенді қазақ қазіргідей малға жем жинамаған, ал жылқылар кез келген жағдайға тез бейімделгендіктен, қыстың күні тіпті олар өздері жерден жемін тауып жеген. Жылқылар алыс жолға өте шыдамды келеді. 

Тағы бір қызықты дерек байталдар есектің жанында біраз тұрса, оларды жылқылар үйіріне қоспай қояды екен. Себебі бірнеше уақыттан соң, есектің иісі жылқыға сіңіп қалады. Сондықтан да жылқыларды еш уақытта есекпен бірге ұстамайды.

Ит туралы шығарма. Ит адамның досы
Ата-ана туралы шығарма. Ата-анам - жұмағым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу