Төрт жасар қызға айналған кәрі кемпір
24-02-2022
Ата-ананың орны әр бала үшін ерекше. Олар дегенде біздің қояр жанымыз да бөлек. Бізді мына ғажайып әлемге алып келіп, өмір силаған жандар үшін бала әрдайым рақметті. Олар үшін баласы 50-ден асса да бала. Ата-ана біздің туылғанымыздан бізге қамқор болып, пана болып, біз үшін уайым жейді.
Ата-ана бала аузынан шығатын тіпті ең алғашқы сөздер болар. Бала өмірге келген сәттен бастап, ата-ана мен бала арасында үлкен күш пайда болады. Ол -махаббат. Осы сезім олардың арасында тығыз байланыс орнатып, олардың бір-біріне деген байланысын күшейтеді.
Ата менен ананың алдында бала әрдайым қарыздар. Тіпті 7 рет Меккеге алып барып келсе де олардың алдындағы қарызын өтеу мүмкін емес. Әрдайым балам, құлыным деп жүрген кісілерге қандай жақсылық жасасақ та жарасады.
Тек осы кісілердің арқасында осыншалықты керемет, сиқырлы әлемді көруге мүмкіндік алдық, аспанды, жұлдызды, теңізді...
Олар бізді оқытты, тоқытты, тәрбие, ең сапалы білім берді, киіндірді, тойдырды. Бауыр еті баласы үшін отқа да, суға да түсуге даяр ата-ана әрдайым құрметке лайықты.