Ажырасқан танымал актер ата-анасымен әсерлі видео жариялады (видео)
Танымал актер Шәріп Серік Instagram парақшасында ата-анасымен түскен видеосымен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz.
- Бұл видеоға әркім әртүрлі жауап береді деп ойлаймын! Осы бейнематериалда маған қолдау көрсеткендердің барлығына рахмет! - деп жазды актер.
Оқырмандар өнер иесінің терең мағыналы бейнежазбасына жоғары бағасын беруде.
- "Отбасы - бірінші орында", "Өте терең мағыналы видео", "Кім не десе де, отбасы әркез бірінші орында болу керек. Жарайсың Шакенти", "Адамның күші оның отбасында", "Ата-анаң мен жақындарыңнан басқа ешкімге керек те емессің", "Сен көтерілген кезде, ақшаң барда бәрі қасыңда. Ал кедей болсаң, қасыңнан қолдау білдіретін ата-анаң ғана табылады", "Ата-ананы барда қадірлеу керек. Өте дұрыс бейнежазба болды", "Жарайсың, тәрбиелік мәні зор", - деп жазуда көпшілік.