Мұғалім туралы шығарма. Ұстазым - екінші анам

Oinet.kz 24-12-2019 3561

Мұғалім біздің екінші анамыз. Олай дейтін себебім мұғалім де бізді анадай уайымдап, бізге үйден тыс тәрбие береді. Мектептегі сенің тәрбиең, сабақ үлгерімің үшін жауап береді. Ол кісінің мойнында сыныптағы бар 30 баланың ауыртпалығы тұрады. Сондықтан да менің көзімде мұғалім бір ерекше қайсар тұлға болып көрінеді. Мен өзім мұндай қайратты адам бола алмайтындаймын. Сыныптағы әр баласының мінезін, отбасын, табиғатын, болмысын мұғалім жатқа біледі. Әр балаға деген арнайы қатынасы болады. Өз сыныбын жетелеу үшін, бәрімізді шыңдап, ақыл кеңесін айтып отырады. Өзінің өмірлік тәжірибесімен бөліседі.

Podobny obraz

Біздің мұғаліміміз де дәл сондай ибалы кісі. Өзі өте дана, мектебіміздің тірегі. Оның сабырлығы мен ақылдылығына кейде қайран қаламын. Бір адам қалайша осыншалықты кіршіксіз болуы мүмкін. 

Мұғалім әрқашан да өз балапандарына үлгі бола біледі. Баланың сапалы білім алуы үшін еңбек етеді. Бізге болашақ мамандық таңдауға, оқу озаты болуымызға ықпал етеді. Мен әлемдегі барлық мұғалімдерді құрмет тұтамын. 

Наурыз көже туралы мәлімет
Ұстаз туралы шығарма. Ұстаз ұлы тұлға
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу