Наурыз көже туралы мәлімет
Наурыз көже - қазақтың жаңа жылы саналатын Әз наурыз мерекесінде берілетін ерекше тағам.
Наурыз көжені құрамында 7 түрлі зат болуы қажет. Олар: су; ет; арпа; дәнді-дақылдар; ақ; құрт; тұз. Және бұл заттар да көже құрамына бостан бос қосылмаған. Олардың әрқайсысының өзіне тән мағынасы мен көже ішінде атқаратын қызметі болса. Мәселен су жұртымызда ешқашан тасапшылық болмасын, өмір өзен деген мағынамен қосылған, ал ет дастарханымыздан ет үзімесін, жағдайымыз жақсы болсын деген ниетпен жасалған. Арпаға келсек, егер арпа тағам құрамында болса, адамның қаны бұзылмайтын көрінеді. Наурыз көжеге, сонымен қатар, дәнді дақылдар да қосылады. Мұның негізінде бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр. Сондай-ақ наурыз көже құрамына ағарған қатылған. Оның мағынасы айрандай ұйып отырайық, тату болайық деген сөз екен. Құртқа келсек, ол наурыз көженің дәмін келтіріп, сән береді. Тұз көженің дәмін келтіретін, тек көженің ғана емес, барлық тағамның дәмін келтіруші компонент болып табылады.
Әдетте құрамында осындай 7-лік кездессе, кейде бұл қоспалар ауысып отыруы да мүмкін. Алайда құалай болса да, 7 саны сақталуы тиіс.