Шығарма. Ұлыстың ұлы күні - әз наурыз!
Міне, наурыз да келіп жетті! Басқаларын қайдам, өзім наурыз айын ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі үшін асыға күтемін. 22 наурыз қазақша жаңа жыл, ескі күнтізбемен дәл осы күні жаңа жыл келеді деп есептелінген-ді. Дәл осы күннен бастап күн ұзарып, түн қысқарады. Күн жылып, айнала түрлі-түсті боялып, жан жануар, бүкіл табиғат оянады. Ағаштар бүршік жарып, жерде дәнді дақылдар өсе бастайды. Наурыз мерекесінде жыл бойы елде азық таусылмасын деген ниетпен ішіне 7 түрлі зат қосып наурыз көже пісіріледі.
Наурыз тойы елімізде еш уақытта ұмыт қалмаған. 221 наурыз күні еліміздің барлық аймақтарында орталық алаңдарында киіз үйлер тігіліп, әжелер кимешектерін киініп, алтыбақан құрылып, әз наурызды ескідегідей тойлайды. Қазақ негізінен дәстүрге мығым халық емес пе? Наурыз да біздің төл жаңа жыл болып есептелінеді.
Наурыз тойы біздің үйде де ерекше тойланады. Анам осы күнге дайындықты бір апта дегенде бастайды. Отбасымызбен асыға күтеміз. Үйіміздің ауласын ретке келтіріп, жөндеу керек жерлерін ретке келтіреміз. Наурыз бір жағынан көктем келіп, адамдар жылы өмірге бейімделетін кезеңі де саналады. Ал наурыз көжені анам түннен таңға дейін бұқтырады. Әр жылы көшелерде үйлер жиналып, наурыз тойлайды.