Менің болашақта кім болғым келеді?
Мен өскенде сыйлы журналист болғым келеді. Журналист болуды тек арман емес, мақсат ретінде көремін. Мен әлі күнге дейін газет оқып, теледидар қарайтын жастардың қатарынанмын. Менің атам менің дәрігер болғанымды қалаған. Бірақ мен үшін қалау мен болу екі бөлек дүние. "Адам өз ісінен ләззат алғанда ғана шаршамайды" деген сөздердің де авторы атам. Дегенмен атам менің халыққа адал еңбек еткенімді қалаған болуы керек.
Журналист болу үшін мен барымды саламын. Теледидардан көк үстелдің үстінде таңертеңгілік бағдарламаны жүргізетін тележүргізушілерді көргенде, өзімді солардың орнында елестетемін. Мен де солай адамдармен ең ыстық ақпараттармен бөліскім келеді. Әлемдегі бүкіл жаңалықтардан хабардар болғым келеді.
Менің ойымда журналист жан жақты адам. Ол тек ақпарат беріп қана емес, сол ақпараттың жай жапсарына жетіп, тереңінен қазбалап қарап, халыққа ең тура ақпаратты жеткізуші жүрегі жұмсақ, ойы анық, өзі әдім бола білуі қажет.
Әрине, журналист болудың оңай емес екенін, жауапкершілікке толы іс екенінен толықтай хабардардың Алайда менің де сол ауыртпалық пен жауапкершілікті толықтай сезінгім келеді. Елімізге адал қызмет ететін журналист болу үшін көп еңбек ететін боламын.
Мектеп бітірген соң, осы мамандық бойынша тереңдетіп білім алып, аңсаған арманыма жетемін деп сенемін.