Менің қысқы демалысым туралы шығарма
Жалпы, мен үшін қысқы демалыстың орны ерекше. Себебі қыстың табиғаты керемет, аппақ, ақ қағаздай қарға оранған, терезелер түгілі, менің екі ши кірпігімнің өзін қырау торлайды. Сондықтан да қыс менің есімде әр жыл ерекше қалады. Қысқы демалыста жыл бойы күткен шанамен сырғанаймыз, конькей тебеміз, аққала жасап, достарымызбен қар атысамыз. Осы ойындардың арасындағы даладағы - температураны денем сезбей де қалады.
Менің биылғы қыстық демалысым керемет өтті. Бұл демалыс өзім асыға күтикен демалыс болатын. Себебі мен Алматыдағы үлкен көкемнің үйіне демалысқа бардым. Мектептің соңғы күндері тіпті шыдай алмай жүрдім. Жаңа жылды үйде қарсы алып, Алматыға аттандым. Мен осыған дейін ешқашан Алматыда болмағандықтан, маған өте қызық саяхат болды.
Алматыға барған алғаш күні мені көкем мен жеңгем қарсы алды. Көпқабатты үйлеріне алып барып, ыстық-ыстық шай берді. Одан соң, сол үйдегі менімен қатар туысым Әділетпен бірге киноға кеттік. Жол бойы мен Алматының кереметтей көкке тірелген үйлеріне қараумен болдым. Үйге қайтарда екеуіміз түрік дәмханасына барып, қалтамыздағы соңғы тиынымызға дейін жаратып, үйге жаяу келдік. Жаяу келгеніміздің арқасында мен бұл қаланың сұлулығына тағы бір көз жүгірттім.
Демалыс бойы Әділетпен бірге жүрдік. Үйге қаладағы жаңа достарымды қимай қайттым.