Менің қысқы демалысым
Қысқы демалыс жақындап қалды. Мен ендігі қысқы демалысымды қайда, қалай өткізетінімді жоспарлап қойдым. Қысқы демалыстың ең алғашқы аптасының өзінде жаңа жыл басталады. Қандай керемет. Жаңа жыл, жаңа жас. Өзімнің жылдан жылға есейіп бара жатқанымды ойлап, бір жағынан қуанғаныммен, өтіп бара жатқан жастығымның да қызығын көргім келеді. Асыр салып ойнайтын кезімді ешқайда жібергім келмейді.
Қысқы демалыста көбірек серуендегім келеді. Қардың қыртылдаған дауысы, қыстық бәтеңкеммен сырғанаған сезім де ерекше. Кірпіктерім қырау қатып, мұрынымнан шыққан ауа сол заматта-ақ аяз болып қатқан көріске де ештеңе жетпейтін болар.
Қыс мезгілі маған өзінің ғажайыптылығымен ұнайды. Айнала аққа оранып, нағыз ұйқышыл кезімде демалатынымыз қандай жақсы.
Менің жылдағы дәстүрім - жазғы, қысқы демалыста ауылға бару. Онда менің достарым мені асыға күтеді. Олар да демалыс келе салысымен қысқы ойындарын бастап кетеді. Оның үстіне ата әжемді де қатты сағынамын. Сондықтан болар демалыс бастала салысымен ауылыма асығамын да тұрамын.
Биылғы қыстық демалысымда да жылдағыдай алдымен ауылға барып, келген соң осындағы достарыммен кездесіп, күнде кеш қарайғанша ойнайтын боламын. Ал кешкілік әкем екеуіміз кітап оқимыз, мүмкін анама да көмектесемін. Мен қыс болсын, жаз болсын демалыстардың бәрін ұнатамын.