Ғабиден Мұстафин. Сәкен туралы бірер сөз

Oinet.kz 16-12-2019 1566

Сәкенді (Сейфуллин) көргендер күн санап азайып, көрмегендер көбейіп келеді. Көрмегендер көрсем, көргендер көре түссем дейтін, жаратылысы өзгеше бір жан еді ол. Мен өзім алғашқы рет жиырма бірінші жылдың жазында көрдім. 

image.png

Отызыншы жылға дейін жиналыстарда, дастарқан үстінде, өз үйінде кездесіп, сөйлесіп жүрдік. Бірде пікір таласып алғаным бар, әрине, пікір теңдестігі емес, жастық албырттығы болар. Сол Сәкенді көрмегелі міне 45 жыл өтіпті. Менің көңілімдегі оның жарқын бейнесін әлі титтей кір шалған жоқ, есіме түскен сайын орта бойлы, толқынды қара шашты, өткір, ойлы қара көзді, сымбатты, көрікті, түсі ақ пен қараның аралығындағы қоңырқай кісі көз алдыма келеді. Қадала қарағанда сыртыңды түгілі ішіңді де көріп тұрғандай. Ал, оған қадалған көздер, әсіресе, әйел көздері оңай айырыла алмайтын. Сырты — өте сұлу, кербез, тәкаппар, іші — өте қарапайым, кішіпейіл еді. Айлалы, майда сөзді, жұмсақ мінезді емес-ті. Үні, мінезі, сөзі ірілеу болатын, айтарын турасынан келте айтатын, сенсе қалтқысыз сенетін, сенгіштік мінезі басым еді. Алданған, ие толғанған кезде сырын тек қаламы ашатын. Көп жазсам, көбірек ақша тапсам, деуден аулақ-ты. Кеудесін ой кернегенде, сөз кернегенде ғана жазуға отыратын.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Ілияс Жансүгіров. Фатима Ғабитоваға жазған хаты
Ғали Ормановтың қызы Жамиға Орманованың естелігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу