Ғали Ормановтың қызы Жамиға Орманованың естелігінен
Әкем Ғали әке-шешеден ерте жетім қалған. Ағаларының қолында тұрып, мал баққан. Оған жеңгесі дұрыс қарамай, әкем үйінен қашып кетіп, кейін Талдықорғандағы балалар үйінің қамқорлығында болыпты. Сол туралы "Алғашқы адым" деген өлеңінде бар.
Әкем 1939-1945 жылдар аралығында жыр алыбы Жамбылдың әдеби xатшысы болды. Ол кезде жазушылар көп емес-тін, солардың бәрімен араласты. Қасым Аманжолов соғыста жүргенінде екеуі өлеңмен xат алысатын. Әкемді Жамбылдың xатшысы болғандықтан соғысқа жібермеді.
Ақын-жазушылар өздері бас қосып қалғанда әкем мен Тайыр Жароковты айтыстыратын. Әкемнің бір ерекше қасиеті тез ұғып алатын, ойда сақтау қабілеті өте күшті еді. Қазақстан Жазушылар Одағында xатшы болып жүріп, шетелдің делегациясын қабылдағанда ол жат жұрттықтардың тілін, сөздерін тез ұғатын. Бір жылы делегациямен Румынияға барып, сонда румын тілін тез үйреніп келді.
Өзі өте балажан еді. Балаларының білімді болғанын жақсы көретін. Жамбыл ата қалаға келгенде, үнемі біздің үйге түсетін. Шешем болса асын даярлап, жағдайын жасайды. Мазасын алмасын деп олар отырған бөлмеге бізді жібермейтін. Үйде үш баламыз. Сонда Жамбыл ата "Осы үйдің балалары қайда, бала бар екендігі тіпті білінбейді ғой" дейтін.
Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.