Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Өлеңімді соқыр, ақсақ, шолақ қол қылыпты»

Oinet.kz 12-12-2019 1181

Шәкәрім Құдайбердіұлының "Қазақ тілі" газетінің басқармасына жазған хаты:

Төменгі сөзіме газетіңізден орын берсеңіз екен. 

image.png

Баяғы түріктің атақты ақыны (поэт) Фзули өлеңінің басында айтқан: "А, құдай! Менің өлеңімді үш түрлі антұрғаннан сақта. Бірінші, әннің ретін білмейтін кісіден сақта, себебі: ондай кісіге айтқан жақсы өлең де жаман көрініп, байыбына бара алмайды. Екінші, күншілден сақта, оның себебі: жақсы өлеңімді жамандап, теріс мағыналап, халықтың жүрегіне азғыру салады. Үшінші, қате жазушыдан сақта, оның себебі: менің "көз" деп жазғанымды "көр" деп жазып, ашық көзімді соқыр көрсетеді", — деген. Сол айтқандайын, Ташкенттегі "Шолпан" журналы менің өлең қылған "Ләйлә-Мәжнүн" әңгімесін соншалық көп қате қылып басыпты. Оны түзету қайтадан бір кітап жазғаннан қиын. Кей өлең мүлде жоқ, кейінің жартысы жоқ, әріп қатесі есепсіз көп. Өлеңімді соқыр, ақсақ, шолақ қол қылыпты. Өлеңнен хабары бар кісі оқыса, ол менің кемшілігім емесін білер.

ШАҺКӘРІМ

"Қазақ тілі", 1924 жыл.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Бауыржан Момышұлы. Шерхан Мұртазаның әкесі туралы
Герольд Бельгер неміс пе, қазақ па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу