Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы: «Үйренуге көнбейтұғын нәрсе — зеректік»

Oinet.kz 12-12-2019 1039

Адам баласының "Білемін!" — деп талап қылса, білмейтұғын нәрсесі болмайды. Жалғыз-ақ жете білуіне көнбейтұғын нәрсе — Алла тағаланың заты.

image.png

Адам баласы не нәрсе үйренемін деп талап қылса, үйренуге көнеді. Жалғыз-ақ үйренуге көнбейтұғын нәрсе — зеректік. Құдай тағаланың өзі зерек қылып жаратпаса, кісіден үйренумен зерек бола алмайды.

Бір айырылып кеткен соң, қайта қосамын деуге көнбейтұғын нәрсе — жігіттік, адамның жастық уақыты.

Адамға алыс болғанда, не алыс, — өткен өмірі алыс. Оның жуықтасуынан үміт жоқ. Адамға жақын болғанда, не жақын, — ажал жақын. Мұны алыстату және қолдан келмейтұғын жұмыс.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Ахмет Байтұрсынұлы. Жанша Сейдалинге жазған хаты
Исмаил Юсупов. Жұмабек Тәшенов туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу