Мәшһүр Жүсіп Көпеев нақыл сөздері

Oinet.kz 16-08-2020 7378

image.png

Кедей болар керi кеткен, ұйқысы мол,

Сайрап келiп тұрады үш қара жол.

Кедейлiктiң бiр үлкен жерiк асы,

Жаман қатын бар үйден үзбейдi қол

***

Дүниедегі ең асыл тіл — араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары — қазақ тілі.

***

Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті.

***

Түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі.

***

Кедейлік үш ағайынды болады: үлкені – кежірлік, ортаншысы – еріншектік, кенжесі – ұйқы

***

Шын жақсының бойында болмас кегі.

***

Не нәрсе талаптансаң табылады.

***

Бүгін аш болған қарын ертең тояр.

***

Құдайдың жақсылығы басыңда тұр.

***

Ер жігіт шешен болып, малсыз қалса,

Рас деп, айтқан сөзің шын болмайды.

Әбу Насыр әл-Фараби нақыл сөздері
Тәуелсіздік туралы өлеңдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу