Ғабит Мүсірепов пен Раиса Мұхамедиярованың тағдырлы хаттары

Oinet.kz 07-11-2019 2445

Ғабит Мүсірепов пен Раиса.jpg

Бүгін кеңес және қазақстандық кино әрі театр актрисасы, Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі, "Құрмет" орденінің иегері Раиса Мұхамедиярованың дүниеден өткені белгілі болды. Актрисаның қазақтың классик жазушысы, драматург, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Ғабит Мүсіреповтің үшінші жары болғанын бірі білсе, бірі білмейді.

Раиса Мәжитқызы 1939 жылы 11 шілдеде Семей облысы Көкпекті ауылында туған.  Актрисаның әкесі  Мәжит Мұхамедияров байланыс басқармасында пошта бастығы болып жұмыс істесе, анасы Меңсулу сатушы болып қызмет еткен. Ол 1957-1958 жылдары  Қазақстан Компартиясы Сарыағаш аудандық комитетінде хатшы-машинисті болған. 1960 жылдан "Қазақфильм" киностудиясының актрисасы болып қызмет ете бастады. Мұхамедиярова 1963 жылы режиссер Сұлтан Қожықовтың қазақ киносының алтын қорынан орын алған "Менің атым - Қожа" фильмінде ұстаз Майқанованың рөлімен халыққа кеңінен танылды. Кино әлемінде 30-ға жуық фильмге түскен. Раиса Мұхамедиярова "Менің атым - Қожа" фильмі, 1963 жыл Актрисаның ерекше сымбаты мен талантты дарынына қарап оны жас кезінде "қазақтың Джина Лолобриджидасы" деп атап кеткен (Джина Лолобриджида - италиялық актриса). Алпысты алқымдаған Мүсірепов сымбатты аруға ғашық боп қалып, өзінен 37 жас кіші Раисаға үйленген. Олар 1964 жылы шаңырақ көтерген. Алайда актриса мен жазушының отбасылық ғұмыры ұзаққа созылмады. Олар араға 8 жыл салып ажырасып кеткен. Араларында Гауһар және Гүлнар есімді қыздары бар. Актрисаның киноиндустриядағы алғашқы дебюті - 1961 жылы "Песня зовет" фильміндегі рөлі болған.

"Махаббатта шекара жоқ" - Ғабит Мүсіреповтің жары Раисаға жазған хатынан.  "Махаббат жоқ жерде - қуаныш та жоқ" деген. Аман­сың ба, менің ең қымбаттым, аяулым, жалғызым, Раечка! Менің осы хатым Жаңа жыл қарсаңында сенің қолыңа тисе деп едім. Өйткені, сенің бар ойың, көңілің, бүкіл назарың менде болсын деген ой. Сенің хатыңды алып, мазасызданып отырмын. Сөздерің қандай ақылды. Сен күн сайын есейіп, ақылың толысып келесің. Саған жедел­хат жіберіп, екеуміз Жаңа жылды Мәскеуде қарсы алсақ деп едім, бірақ, сені жұмыстан босатпас деп ойладым. Дәл осы минутта сені құшақтап, аймалағым келіп кетті. Бізді Африкаға жіберуге дайындап, дәрігерлер тексеріп жатыр. Безгек, сүзек, тырысқақ ауруларына қарсы екпе жасады. Басымыздан башпайымызға дейін тексеруде. Дәрігерлердің айтуы бойынша, әзірге жүрек те, іш-құрылыс та жақсы. Мұнда жұмыс көп, ыстық жерге баратын болғандықтан, соған өзімізді әзірлеп, әрі кітапханаға барып сол елдің мәдениетімен, әдебиетімен кеңірек танысып жүрмін. Осы хатты бүгінгі самолетке үлгерейін деп мәжі­ліс­тің арасындағы үзілісте жаздым. Сау-сәлемет бол, көріскенше, өз Ғабитің".

Раиса Мұхамедиярова.jpg

Раиса Мұхамедиярова "Чемпион" фильмі, 1979 жыл Мұхамедиярова мен Мүсірепов неліктен айырылысқан? Актрисаның Сергей Азимовтың "Поздняя любовь классика" деректі фильміне берген сұхбатында ол Мүсіреповке тұрмысқа шыққан кезде жазушының әйелі көз жұмғаны жайлы әңгімелеген.  "Оның жары дүниеден өткен кезде менің аяғым ауыр еді. Жүрегімнің түбінде әлі күнге дейін өзімді кінәлі сезінемін. Мүмкін, мен де оның өмірден мезгілінен бұрын кетуінде маңызды рөл ойнаған шығармын. Жерлеуден кейін ол менен: "Рая, не істейміз?" деп сұрағаннан кейін, мен біраз уақыт өтуі керегін, бірақ көп күте алмайтынымды айттым. Себебі бала некеде туғанын қаладым", - деген екен актриса.  Раиса Мұхамедиярованың сөзінше, Мүсірепов актрисаның киноға түспегенін қалаған.  "Біз Сұлтан Қожықовпен "Қыз Жібектің" сценариін жазатын болдық", - деді маған. "Мен түсемін бе?" деп сұрағанымда, "Түсесің", - деді маған. Мені актерлік сынамаға шақыратын күнді күтіп жүрдім. Артынша сынаманың біткенін естіп, жан дүниемде іштей дискомфорт пайда болды. Мені сатып кеткендей сезім болды. Ал мен сатқындықты жек көремін. Осыдан кейін арамыз жылымай-ақ қойды", - дейді актриса.

Осылайша жұбайлардың арасынан "қара мысық өткен". Актриса бес жыл бойы үйде отырып, бала тәрбиесімен айналысқан. Алайда актриса бұған шыдай алмайтынын айтып, Мүсіреповке жұмысқа шығатынын айтқан. Жарының қарсылығына қарамастан, актриса жасөспірімдер театрына жұмысқа орналасқан.  Актрисаның айтуынша, олардың арасында арандатушылар көп болған. Тіпті "60 жаста балалы болу мүмкін емес" деп, Мүсіреповтің жүрегіне күдік ұялатқан. Мұхамедиярова қанша дәлелдеп, тырысқанымен, бәрі бос болған.  "Меніңше, біздің махаббатымыздың жалыны сөнді. Бәрі жақсы сияқты кейіп жасамай-ақ қояйық. Мен екіжүздене алмаймын", - деген екен Мұхамедиярова Мүсіреповке.  Раиса Мұхамедиярова "Менің атым - Қожа" фильмі, 1963 жыл Актриса Мүсіреповпен болған махаббат оқиғасынан кейін ешкімді сүйе алмағанын айтқан. Бар ойы - екі қызды өсіріп, жеткізу болған екен. Ал жазушы ажырасқаннан кейін машинист қызға үйленген.

"Біраз уақыт өткеннен кейін ол бізге келіп жүрді. Мен іштей "Рая, мен саған ораламын" деген сөзін күтіп жүрдім. Солай деген болса, әп-сетте күтіп алар едім. Ол да, мен де айтқан жоқпыз. Екеуміз де менмен едік", - дейді актриса.

"Адырна" ұлттық порталы

Ақан сері айтыпты
Қадыр Мырза Әли: «Əдемі қызды көргенде, ақылды қызды аяйсың»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу