Мұқағали Мақатаевтың кенеттен қайтыс болған қызы Майгүлге арнаған өлеңі
"Қалақтай едің,
Қабіріңде қалақ тұр.
Туғаныңды, өлгеніңді санап құр.
Сенің аңқау құлағындай қалқиып,
Қыр басынан қала жаққа қарап тұр.
Қызым менің,
Гүлім менің,
Аяулым !
Жатыр молаң жотасындай қоянның.
Құлыптастың құны маған бес тиын,
Бірақ таспен қалай жаншып қоярмын.
Қойман, ботам,
Керегі не көк тастың,
Қыста ақ қар, жазда шалғын шөп бассын.
Өзің келген май айында ақ нөсер,
Ағыл - тегіл бізбен бірге жоқтассын.
Керегі не көк тастың "