Қызымның елесі бәле-жаланы алдын-ала ескертіп жүреді

Oinet.kz 07-11-2022 3388

Бір түнде ойнап, мәз болып жүрген жалғызымнан айырылып қалады деп кім ойлаған? Қызым еш ауырмастан, бір күннің ішінде,бір түннің ішінде өмірден өтті.

Screenshot_2.jpg

Тәтті ұйқыда жатып көз жұмды. Дәрігерлерде ұйықтап жатып жүрегі тоқтап қалғанын айтты. Зар еңіреп жалғызымнан осылай айырылып қалдым. Бірге ойнап, бірге сабағына алып барып, алып қайтып қалаған заттарын алып беріп, еркелетіп өсірген қызымды күнде сағынып жылай беремін, жылай беремін.

Әкесі күнде жұмыста, жұмыстан кеш келеді. Таңнан кеш батқанға дейін менде бір қайғы, қызым қайтып келердей күтумен боламын. Бірде ас үйде отырып терең ойға шомылып қызымды ойнатып отырыған кездерді елестетіп отырып қызымды шақырдым, құлыным мені сағынбадың ба? Неге маған келмейсің? Деген сәтте қызымның бөлмесінен:

- Анашым...

Деген дауыс шыққанда қорыққанымнан тілімді жұтып қоя жаздадым. Өзімнің қорқынышымды жеңіп, жетіп жүгіріп бардым. Барсам қызым ойыншықтарымен ойнап отыр түсім бе ? Жоқ өңім маған қарап:

- Әкем енді сізді жақсы көрмейді ме ? Неге ол Настямен жүр?

Мен аң-таң қарап отырғаным сол еді қызым жоқ болып кете барды.

Қайтадан ас бөлмеге келіп өз- өзіме келе алмай біраз отырып қалғанда,есіктен әкесі яғни күйеуім келді. Мен күтіп алмай отыра бердім. Жәй ғана:

- Енді мені жақсы көрмейсің бе?- деп сұрадым.

- Не деп тұрсың?

- Шыныңды айта берсең болады!

Сол кезде:

-Иә, мен басқа біреуді жақсы көремін,соңғы кезде өз өзіңе қарамайсың, жылап отыра бересің! Көңіл бөлмейсің! ...

-Настя, ма?

- Сен не мені аңдып жүрсің бе? - деген кезде үндемей кетіп қалдым. Көп ұзамай айырылысып кете бардық.

Арада бірнеше ай өткеннен соң қызым тағыда бөлмесінен "анашым".... деген сәтте жетіп бардым.

- Анашым, ертең таңертен әжемдікіне бармай -ақ қойшы жәрәй ма? - деп тағы да ғайып болды.

Мен ертеңіне бармадым. Шамалы уақыттан соң хабардан мен мінетін ауылға жүретін автобус жолда аударылып біршама адамның өмірін қиыпты. Мен тағыда таң қалдым.

Арада біраз уақыт өтіп ауруханаға жатып қалдым.Сонда тағыда қызым келді. Бұл жолы бұрынғыша анашым деп күліп қуанышты жүзбен емес,мұңайып маған қарап:

- Анашым өз- өзіңді күт,сізде рак емделіңізші мен сіздің өмірден өткеніңізді қаламаймын, әлі де сізде уақыт бар жазылып кетесіз (деп мұңды дауысымен) ғайып болды...

el24kz

Жаны тынышталмаған әруақ
Найзағай түскен жігіт О дүниеде көргенін айтып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу