Қателеспейтін Нострдамус 2022 жылы әлемді не күтіп тұрғанын болжаған
Әр дәуірде болашақты болжап, жеке бір елді немесе тіпті, барша адамзатты не күтіп тұрғанын қолға қойғандай айтып беретін көріпкелдер болған. Сондай көріпкелдердің бірі 16 ғасырда Францияда өмір кешкен Мишель Нострдамус. Ол соңында болашақта адамзат баласын және жекелеген елдерді не күтіп тұрғанын астарлап түсіндіретін өлеңдер қалдырған. Көріпкелдің жазғандарын дәл түсіндіре алатын адамдар аз, дегенмен центурии аталатын төрт шумақты өлеңдерді өздерінше талдауға талпынатындар қатары аз емес.
Үш күн қараңғы түнек болады
Мыңдаған жылдарға арналған көріпкелдің болжамдарында 2022 жылға арналған болжам да бар. Бұл жылы адамзат үшін Жер планетасы нағыз сынақ орнына айналмақ. Табиғатты ластап, ойларына келгенді жасаған екі аяқты пенделерді жер ана жазалауды қолға алады. Бұл жылы табиғат апаттары әр өңірде көп болмақ.
Сондай табиғат апаттарының бірі Еуропаны түгел қамтитын қатты дауыл. Ең күшті соққыны Франция алады дейді көріпкел. Табиғат апатынан келетін зиян шаш етектен. Сонымен бірге, жапон аралдарында қатты жер сілкінісі болып, адамдарға үлкен зардап шеткірмек. Жер сілкінісі көріпкелдің пайымынша, қазан айында болады деп күтілуде.
2022 жылы болатын апаттардың ең күштісі ретінде көріпкел аспаннан жауатын метеорит жауынын атайды. Мұхитқа құлаған метеорит таудай толқындар туғызып, көп жағалаулар су астында қалады. Биылғы жылы бұндай көктен құлайтын ғарыш тастары бір емес, бірнеше рет орын алмақ. Бұның өзі аса көп мөлшерде шаңды көтеріп, осының салдарынан 72 сағат бойы күн көзі көрінбей жер бетін қараңғылық тұмшалайды.
Саясатта не болады?
Көріпкелдің болжамынша битылғы жылы бірқатар алауыз болып келген елдер татуласып, жақындай түседі. Оның арасында Ресей мен Украина бар. Бір-бірімен соғыс жағдайында тұрған бұл екі мемлекет қандай себеппен жақындасады, ол белгісіз.
Центурииде: «корольдің кенеттен болған қазасы елде үлкен өзгеріс туғызып, екінші корольдің билікке келуіне жағдай жасайды» деген мағынадағы жолдарды кейбір сарапшылар Солтүстік Кореяның басшысының өлімі мен елдегі болатын оң өзгерістерге жорамалдайды. Бұның қаншалықты шындыққа келетінін уақыт көрсетпек.
Экономикалық дағдарыс күшейеді
Нострдамустың болжамынша, әлемдегі соңғы жылдарда пандемияның салдарынан пайда болған кризис одан әрі тереңдеп, теріс салдары күшейе түспек. Соның салдарынан АҚШ доллары күрт құнсызданып, елде қаржылық қиындықтар туындайды. Алпауыт елге Еуроодақ көмек қолын созады.
Көріпкелдің пайымынша, қаржы дағдарысы бағаны шарықтатып, одан әрі өсіреді. Әсіресе, Еуропа елдерінде бұл дағдарыс өткір сипат алмақ. Бұл жылы ақшаны құнсызданудан сақтаудың тәсілі ретінде көріпкелдің болжамына сүйенген сарапшылар күміс моонеталар мен криптовалютаға көбірек иек арту қажеттігін алға тартады.