Абай Құнанбайұлы. Жүрегім менің қырық жамау

Oinet.kz 28-08-2019 2252

Жүрегім менің қырық жамау

Қиянатшыл дүниеден.

Қайтып аман қалсын сау,

Қайтқаннан соң әрнеден.


Өлді кейі, кейі — жау,

Кімді сүйсе бүл жүрек.

Кімі — қастық, кімі — дау,

Сүйенерге жоқ тірек.


Кәрілік те тұр тақау,

Алдымызда айла жоқ.

Қайғысыздың бәрі — асау,

Бізге онан пайда жоқ.


Қан жүректі қайғылы-ау,

Қайырыла кет сен маған.

Қасиетін ойлан-ау,

Қам көңілдің тынбаған.

Абай Құнанбайұлы. Көлеңке басын ұзартып
Абай Құнанбайұлы. Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу