Бес сезімді дамытуға арналған ойындар
Иіскеу және дәм сезу сезімдерін дамыту үшін төмендегі жаттығулар ұсынылады:
Ас даярлап жатқан кезде баланың асүйде болуына рұқсат етіңіз. Ол түрлі иістермен танысуы тиіс. Мата қиындыларынан қапшықтар тігіп, ішіне түрлі шөптер мен жұпар иісті заттар салыңыз. Аузын байлап, балаға иіскетіп, ондағы заттардың атын атап отырыңыз. Сәбиді дәмі әртүрлі тағам беріп үйретіңіз. Бес сезімді дамытуға арналған ойындар топтамасы
Нәрестенің жанасу сезімін дамытуға және жетілдіруге төмендегі жаттығулар көмектеседі.
1.Сәби әртүрлі сезімдерді байқап көруі үшін оның бетін қауырсынмен, бір шөкім мақтамен сипалаңыз, қол замша немесе велюр матамен сипап көріңіз және т.б
2. Кішкене құрақ көрпе тігіңіз: оның маталары барқыт, вельвет, жібек, драп және т.б., яғни әр түрлі болсын. Көрпемен ойнай отырып, сәби материалдарды ажырата алатын болады.
3. Баланың ұстау рефлексін дамыту үшін оған ашық түсті қолғап кигізініз. Сол қалпында ойыншықтармен ойнап терісін көрсін.
4. Балаға ойыншық ұсыныңыз да қол созған кезінде ойыншықты өзіңізге қарай тартыңыз. Бұл жаттығу саусақ бұлшық еттерін және ұстау рефлексін дамытады. 6-8 айлық балаларға арналған ойындар Аталған жастағы нәрестенің сенсорлық, яғни сезгіштік қабілетін және ойлау қабілетін дамытуға төмендегі жаттығулар жәрдемдеседі: Үлкен ойыншықты көрпешемен немесе орамалмен жауып қойыңыз, ойыншықтың шеті көрініп тұратындай болсын. Сәби ойыншықты тауып алатын болсын. Әр түрлі ойыншықтармен әртүрлі әрекеттер жасаңыз; кубиктерді немесе пластик шариктерді бір-біріне соғыңыз, шариктерді жерге лақтырыңыз, кішкентай шарикті стол үстінде домалатыңыз, т.б Сәби сізді мұқият бақылауы, одан соң осы әрекеттерді қайталауға тырысуы тиіс. Бір парақ қағаздың бетіне жануарлардың, әртүрлі зататрдың суреттерін жапсырыңыз. Парақтарды кітапша секілді түптеңіз,Сәби кітапты парақтап көрсін, оқысын.
Cәбиді айна алдына тұрғызыңыз, одан соң қуыршақ алып, оның бейнесін сәбиге көрсетіңіз. Ойыншықты басып шиқылдатыңыз да жасырып қойыңыз. Нәресте оны тауып алып, ойнауға тырысуы қажет. Баланы шомылдырғанда ваннаға бірнеше ойыншық салыңыз. Сәби оларды қолына алады. Оған осы ойыншықтар туралы түрлі қызықты оқиғалар айтып беріңіз. Шамды өшірмес бұрын сәбиге шам өшті деп айтып отырыңыз. Әрбір әрекет жасаған сайын сәбиге оны ауызша түсіндіріп отырыңыз. Баланы киіндіргенде оның киген киімін, дене мүшелерін атап отырыңыз. Орындықты қабырғаға жақын қойып, оның астына доп лақтырыңыз. Доптың қабырғаға тиіп, қайта домлап шыққанын бала мұқият бақылауы тиіс. 8-12 айлық балаларға арналған ойындар 8 айдан асқан балалар белсенді және қозғалғыш келеді. Олар еңбектей алады, кейбірі тіпті жүруді де үйрене бастайды. Бұлшық еттерді нығайту үшін төменде келтірілген жаттығулар кешенің қолдануға болады. 8-12 айлық балалардың ең сүйікті ойыны жасырынбақ Сәби орыныдқтың артына тығылған ересек адамды әздейді, оны тауып алғанда шаттана күледі. Осыдан соң сәбидің өзі тығылатын болсын. Түрлі заттардың мөлшері туралы түсінік қалыптастыру үшін балаға екі түрлі жихаздың `(мысалы, шкаф пен орындықтың) арасынан өтуді немесе еденге тасталған жастықтардың үстімен еңбектеп өтудің ұсыныңыз. Нәресте аяғын нық баса бастаған соң аласа орындықтың үстіне қандай да бір затты немесе ойыншықты қойыңыз, сәбиге оны алуды ұсыныңыз.Бұндай жаттығулар кеңістікте бейімделу дағдыларын қалыптастырады. Үрленетін үлкен шар алып, оны кері ұшатындай етіп қабырғаға лақтырыңыз.Сәбиге шарды ұстап алуды ұсыныңыз. Бұл қозғалысты үйлестіруді үйретеді. Сәбиді аяқтарын басқызып тұрғызыңыз, секіруге ұқсас қимыл жасатыңыз. Бұл жаттығу аяқ бұлшық еттерін нығайтады. 6 ай мен 1 жас аралығындағы балаларға арналған ойындар
Кейде жас аналар 6-8 айлық баланы ояу кезінде немен айналдыруға болатынын білмейді. Көбіміз осы жастағы балаларға арнайы дайындалған ойындардың бар екендігіне хабарсызбыз. Бұл жаттығу балаға өз тынысын реттеуді үйретеді. Ол үшін екі ұрытыңызды толтырып, балаға қарап үрлеңіз. Нәрестенің де солай істеуін сұраңыз. Егер үрлей алмаса, үйретіңіз. Қолыңызға ойыншық алып, оны тігінен ұстаңыз да оны балаға ұсыңыз.Бұл кезде ойыншық тік қалпынан ауыспайтын болсын. Одан кейін ойыншықты көлденеңінен ұстап, тағы, да сәбиге ұсыныңыз.Жаттығу білезік бұлшық еттерін дамытып, заттарды ұстауды үйретеді. Полиэтилен не қағаз қалтаға ойыншық салып, орап қойыңыз. Балаға ойыншықты алуды ұсыныңыз. Жаттығу қол моторикасын дамытып, сәбиге заттың тұрақтылығы туралы түсінік береді. Баладан алыстау жерге қорап не шелек қойып, оған ойыншық не басқа бір затты лақтыруын сұраңыз. Ара-тұра қорап не шелектің орнын ауыстырып қойыңыз. Ойыншықтарды үлкен қорапқа салып, балаға оны босатуды ұсыныңыз. Одан кейін қайта салғызыңыз. Үстелдерден не қораптардан «туннель» жасап, балаға сол жерден еңбектеп не жорғалап өтуді ұсыныңыз. Бұл оның түйсігін дамытады. Шариктердің үстіне шыны ыдыс төңкеріп, оларды сәбиге алғызыңыз.Бала бұл тапсырманы мүлтіксіз орындай бастаған соң дәл осындай жаттығуды мөлдір емес ыдыспен жасаңыз. Сонда балада заттардың тәуелсіз өмір сүретіндігі туралы түсінік дамиды.